Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету – екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.