Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

294-бап. Вандализм

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлау – бір жүзден екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәждері бойынша жасалған;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) пайдакүнемдік ниетпен;
4) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – бес жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.