Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

299-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет;
3) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде;
4) масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып;
5) қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.