Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

301-бап. Прекурсорлардың, улы, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Прекурсорларды, күшті әсер ететін, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар болып табылмайтын улы заттарды, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) өткiзу мақсатында;
2) ірі мөлшердегі прекурсорларға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) бірнеше рет; 4) электрондық ақпараттық ресурстар арқылы;
5) аса ірі мөлшердегі прекурсорларға қатысты жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.