Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

303-бап. Есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен, улы немесе күшті әсер ететін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы немесе күшті әсер ететін заттарды өндiру, дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекеттi аталған қағидаларды сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы немесе күшті әсер ететін заттарды жымқыруға не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.