330-бап. Теңiз ортасын ластау
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан теңіз ортасын ластау, егер бұл іс-әрекет
абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге алып келсе, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-330/