Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

Көпірлер, бөгетшелер салу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинағыш құрылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.