Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

2. Адам өліміне әкелу қатерін төндірген не адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келген не ірі залал келтірген, экологиялық залалға ремедиация (жою) жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу міндеті жүктелген тұлғалардың оларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына не аса ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.