Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

360-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Рұқсатта көрсетiлген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биiктiгiн сақтамау немесе халықаралық ұшу қағидаларын өзге де бұзу – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.