Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

375-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Қазақстан Республикасының Президентiн көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадiр-қасиетiне өзге де қол сұғу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын түрде ықпал ету – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.