392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту –
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып,
екі мың
айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не
үш жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1-1. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған;
3) өзіне қатысты өзіне көрінеу белгілі Қазақстан Республикасына кіруге не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кетуге тыйым салу (уақытша шектеу) белгіленген адам жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2.
Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған
іс-әрекеттер –
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып,
төрт жылдан жеті жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-392/