Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

406-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

Басқа мемлекеттердiң саяси партияларын немесе кәсiптiк одақтарын қаржыландыру, оларға үй-жай немесе мүлiк беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер елеулі зиян келтіруге алып келсе, – екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
17-тарау. СОТ ТӨРЕЛIГIНЕ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТIБIНЕ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау
408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның өмiрiне қол сұғу Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, судьяның, алқабидің, прокурордың, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокаттың, сарапшының, маманның, сот приставының, сот орындаушысының, сол сияқты олардың жақындарының өміріне iстердiң немесе материалдардың Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта қаралуына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргiзілуіне не сот үкiмінің, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты аталған адамдардың заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қол сұғу – он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
410-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу
411-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокатқа, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
412-1-бап. Қылмыс жасауға арандату
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыс жасады деп күдiк туғызған немесе айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау
415-бап. Айғақтар беруге мәжбүрлеу Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдану жолымен күдiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi, куәнi айғақтар беруге мәжбүрлеу, сол сияқты адамның ерікті түрде айғақтар беруіне, жасалған қылмыс туралы арыз беруіне кедергі жасау не оны айғақтар беруден бас тартуға мәжбүрлеу не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау
417-бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату
418-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығару
419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма
421-бап. Куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартуы Куәнің немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартуы – екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Адам өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиаторлар – медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар – қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу
423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ескертілген адамның не олар қызметі, жұмысы бойынша не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылған немесе белгілі болған адамның жария етуі, егер сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерін жария ету прокурордың келісуінсіз, сондай-ақ жабық сот талқылауының деректерін жария ету судьяның келісуінсіз жасалған болса – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету
425-бап. Тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу
427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
428-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
428-1-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру
429-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау
431-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару Қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейiн қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішінде бармауынан көрінген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару – бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
432-бап. Қылмысты жасырып қалу Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу – алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы жасаған қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру
434-бап. Қылмыс туралы хабарламау Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау – алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ дiни қызметшiлер тәубе үстінде өздерiне сенiп сырын ашқан адамдардың жасаған қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау Азаматтың алқаби міндетін орындауына лауазымды адамның кедергі жасауы – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
18-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу
439-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi
440-бап. Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу
441-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
442-бап. Қашқындық
443-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту
444-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу
445-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу
446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
447-бап. Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу
448-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу
449-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу
450-бап. Билiктi терiс пайдалану
451-бап. Билiктi асыра пайдалану
452-бап. Биліктің әрекетсіздігі
452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі Бастықтың өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төндіретін оларға шабуыл жасаудың, ғимараттарды қарулы басып алудың, азаматтардың немесе ұйымдардың мүлкін жалпыға қауіпті тәсілмен жоюдың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамауынан көрінген, қызмет бойынша әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса немесе ауыр салдарға алып келсе, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
453-бап. Қызметке салғырт қарау
454-бап. Батып бара жатқан әскери корабльді тастап кету
455-бап. Соғыс жүргiзу құралдарын қарсыласқа беру немесе қалдырып кету Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi қарсыласына беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери немесе жауынгерлік техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын қарсыласына қалдырып кету, егер аталған әрекеттер қарсыласына ықпал ету мақсатында жасалмаса, – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
456-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан тұтқынға өз еркiмен берiлу – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
457-бап. Мародерлік Шайқас алаңында өлгендер мен жараланғандардың заттарын жымқыру (мародерлік) – бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту
459-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру
460-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру Қару-жарақты, қозғалыс құралдарын не әскери техниканы ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсызда жою немесе бүлдiру – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
461-бап. Әскери мүлiктi жоғалту Қызметте пайдалану үшiн сенiп тапсырылған қару-жарақты немесе әскери техника заттарын сақтау қағидаларын бұзу, егер бұл оларды жоғалтуға әкеп соқса, – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу Әскери корабльдерді жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адам өлiмiне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру
467-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы