Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

417-бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Парамен коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамға қылмыс жасау дәлелдемелерін қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге әрекет ету – алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Парақорлыққа арандату, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға не оған теңестiрiлген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.