Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

431-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

Қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейiн қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішінде бармауынан көрінген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару – бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.