Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген әскери қызмет мiндетін орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
1-1. Денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріліп жасалған дәл сол іс-әрекеттер – төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) қару немесе арнайы құралдар қолданып;
3) денсаулыққа ауыр зиян келтiріп жасалған дәл сол іс-әрекет – үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi, 1-1 немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер – он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.