45-бап. Қамаққа алу
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған не ауыстырылған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан оқшаулауды білдіреді.
2. Қамаққа алу он тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.
3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге, жас баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды және жазаны ауыстыру ретінде қолданылмайды.
4. Әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді.
5. Жазаны ауыстыру кезінде қамаққа алу мерзімі осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-45/