67-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан және жазаны өтеуден босату
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босатылады.
2. Осы баптың
бірінші бөлігінің ережесі, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-67/