78-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының
Құрылтайы жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
Рақымшылық жасауды қолдану шарты мен тәртібі рақымшылық жасау туралы актiде белгіленеді.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнің негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен сотталғандығы алып тасталуы мүмкiн.
Кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар жасаған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.
3. Өзіне қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген белгiлi бiр жеке-дара айқындалған адамға, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамға кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Президентi шығарады.
4. Қылмысы үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адам жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан кешiрiм жасау актiсiмен сотталғандығы алып тасталуы мүмкiн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-78/