83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
Кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
2. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткiзуге болады деп танылса, сот жазадан босатуы мүмкiн.
3. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды осы Кодекстің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-83/