Об установлении товариществу с ограниченной ответственностью «Uplink» публичного сервитута на земельный участок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Тобыл қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон арналарын орнату және пайдалану үшін мақсатында, Қостанай ауданының Тобыл қаласы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 1,7087 гектар 48 жыл мерзімге, өтеусіз негізде, жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай ауданының Тобыл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы Тобыл қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.