Об установлении публичного сервитута частной компании «Urker Minerals Ltd.» в Зерендинском районе, поселке Алексеевка Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Urker Minerals Ltd.» жеке компаниясына Зеренді ауданындағы, Алексеевка кентінде қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 хаттамасы, 2026 жылғы 25 ақпандағы № KZ38VBG01731678 жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Urker Minerals Ltd.» жеке компаниясына Зеренді ауданындағы, Алексеевка кентінде орналасқан жалпы ауданы 73 га жер теліміне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 23 тамызға дейін шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларын жүргізген кезде,«Urker Minerals Ltd.» жеке компаниясына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Дәукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.