О внесении изменений в решение ХХVІ сессии городского Маслихата от 13 июля 2006 года № 26/259 "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам города Каражала жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг, компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың ХХVІ сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, қала әкімінің тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының мүмкіндік шегі үлесін төмендету туралы ұсынысын қарап шығып, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" қалалық Мәслихаттың ХХІХ сессиясының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 26/259 шешіміне (әділет басқармасында 2006 жылғы 15 тамызда N 8–5–24 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 тамызда N 32 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасында: 2 тармақта "отбасының жиынтық кірісінің 20 пайыз мөлшерінде" деген сөздер "отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыз мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімді мүдделі қызметтердің барлығына мәліметтер үшін жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы А. Ереженова 2007 жыл 22 қазан Жұмыспен қамту және әлеуметтік Бағдарламалар бөлімінің бастығының м.а. О. Калашникова 2007 жыл 22 қазан