Об установлении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на ІV квартал 2025 года по Алматинской области Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Алматы облысы әкімдігінің
2025 жылғы «12» қарашадағы
№ 333 қаулысына қосымша
Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда
бағаларының шекті мәндері
Р/с
Тауар атауы
Өлшем бірлігі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының шекті мәндері (теңге)
1
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
кг
557
2
Бірінші сұрыпты бидай ұны
кг
298
3
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
кг
281
4
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
кг
5
Рожки (өлшеніп салынатын)
кг
355
6
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
кг
3954
7
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
кг
1706
8
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
литр
528
9
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
литр
538
10
Сүзбе: майлылығы 5-9%
кг
2710
11
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
он дана
712
12
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
кг
4930
13
Күнбағыс майы
литр
1010
14
Ақ қауданды қырыққабат
кг
217
15
Басты пияз
кг
180
16
Асханалық сәбіз
кг
247
17
Картоп
кг
247
18
Ақ қант – құмшекер
кг
493
19
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
кг
104