О внесении изменения в решение V сессии Сатпаевского городского маслихата от 23 января 2008 года № 56 «О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения» Қолданыста
Басқа 0
«Күндізгі бөлім оқушыларының
қоғамдық көлікте (таксиден басқа)
жеңілдікпен жүруі туралы»
қалалық мәслихаттың 2008 жылғы
23 қаңтардағы V сессиясының
№ 56 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2007 жылғы 23 қаңтардағы V сессиясының № 56 шешіміне (Сәтбаев қаласының Әділет басқармасымен 2008 жылғы 25 ақпанда 8-6-60 нөмірімен тіркелген және «Шарайна» газетінің 2008 жылғы 5 наурыздағы 27(1585) нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылары белгіленген тарифтің 50% төлеумен (2008 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
кәсіби мектептердің, колледж оқушылары – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (2008 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттың екі айынан басқа).».
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).