О внесении изменения в решение ХХХІV сессии Приозерского городского маслихата от 25 июня 2014 года № 34/238 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск» Күшін жойған
Басқа 0
Приозерск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы XXXIV
сессиясының № 34/238 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің Приозерск қаласының
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы XXXIV сессиясының № 34/238 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінда № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 «Приозерский вестник» газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
25-2 тармағы келесі редакцияда мазмұлдансын:
«25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 17 наурыздағы «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» № 37 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.