О внесении изменений и дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (внеочередная V сессия, III созыв) от 7 мая 2004 года № 3.61 «О Правилах застройки города Экибастуза" зарегистрировано в Управлении юстиции от 4 июня 2004 года № 2552 Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс V сессиясы) 2004 жылдың 7 мамырдағы «Екібастұз қаласы құрылысының Қағидасы туралы" 2004 жылғы 4 маусымдағы Әділет басқармасында № 2552 нөмірімен тіркелген № 3.61 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы "
Занының, "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
"
Заңының негізінде,
Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасының жер кодексі" Кодексіне және жергілікті атқарушы органдарының құрылымына өзгерістер енгізуіне байланысты қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс V сессиясы) 2004 жылғы 7 мамырдағы "Екібастұз қаласы құрылысының Қағидасы туралы" № 3.61 шешіміне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) барлық мәтін боиынша "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" деген сөздері "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 14, 18, 19, 20, 23, 24, 25 жене 33 тармақтарындағы "Қоршаған ортаны қорғау бөлімі" және "Екібастұз қалалық жер ресурстары басқармасы" деген сөздері "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" деген сөздерге ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 17 тармақтың үшінші азат жолындағы "үш" сөзі "екі" деген сөзге
ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 17 тармақтың үшінші азат жолы мынадай сөздермен толықтырылсын:
, ал шағын кәсіпкерлік субьектілеріне жер участкелерін қолдану қүқығына өтініштер үш жүма мерзімінде қаралады".
Тармақ 2
2. Аталмыш шешім ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күні өткенде қолданысқа енеді.