О внесении изменений в решение ХХVI сессии Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года № 26/223 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 26/223 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 01 (10517) «Шет Шұғыласы» газетінде, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
Тармақша 1
1) 2 тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «9) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
Тармақша 2
2) 26 тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 26-2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13773 болып тіркелген).».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.