О внесении изменений и дополнений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года N 45 "Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы" Күшін жойған
Басқа 0
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 767 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпанда «Алматы ақшамы» газетінің 21 нөмірінде және 2008 жылғы 21 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінің 24-25 нөмірлерінде жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 125 шешімімен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 777 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 9 қыркүйекте «Алматы ақшамы» газетінің 102 нөмірінде және 2008 жылғы 23 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің 101 нөмірінде жарияланған; «IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 264 шешімімен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 833 рет санымен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда «Алматы ақшамы» газетінің 2-3 нөмірлерінде және 2010 жылғы 7 қаңтарда «Вечерний Алматы» газетінің 2 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
2 тармақ келесі мазмұндағы 20 тармақшамен толықтырылсын:
«20) Полигон – қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу немесе бiржолата көму мақсатында әртүрлi қалдық түрiне белгiленген мерзiмге, қалдықтарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған орын (алаңдар, қоймалар, сақтағыштар);»;
3 тармақтағы «жол бермеуге міндетті» сөздері «жол бермеулері керек» сөздерімен ауыстырылсын;
5 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегi заңды тұлғалар, соның iшiнде нақты және уақытша нысандардың иелерi осы Ереженiң келесi талаптарына сәйкес орындауы қажет:»;
7, 9, 12, 14, 15, 16, 20, 24, 43, 49, 83, 94, 99, 119 128, 136, 147, 153, 156, 163 тармақтарындағы және Ереженің қосымшасында Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау Төлқұжатының «Көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі талаптардың» 4 тармағындағы «тиым салынады» сөздері «рұқсат етілмейді» сөздерімен ауыстырылсын;
13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«13. Автокөлiк кәсiпорындары және автокөлiк иелерi қала көшелерiне көлiктердi таза қалпында шығаруы керек.»;
28 тармақтағы «кәсіпорындар жүргізеді» сөздері «немесе конкурсты ұтып алған кәсіпорындар жүргізеді» сөздерімен ауыстырылсын;
34 тармақтың екінші сөйлем келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Автокөлікке тұрақ қарастырылған ғимараттың немесе жер телiмiнің иесi немесе оны пайдаланушы өзгерген кезде автотұрақты жаңа иесi күтеді.»;
51 тармақтың екінші абзацында «ұстауға және жөндеуге» және «тазалауға жауапты» сөздері «ұстайды және жөндейді» және «тазалайды» сөздерімен ауыстырылсын;
52 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«52. Инженерлiк желiлер аймағының шекарасының маңайындағы аумақты санитарлық ұстау жер үстi құрылғыларының иелерi мен пайдаланушы ұйымдарға жүктеледі.»;
54 тармақтағы «тазалауға жауапты» сөздері «тазалайтын» сөзімен ауыстырылсын;
55 тармақтағы «тазалауға жауапты» сөздері «тазалайтын» сөзімен ауыстырылсын;
63 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қала жолдарының жүргiн бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастағаннан кейiн, аралығы 15-20 минут ұстап жүргізіледі (1-3 мм/сағ және жоғары жиілікте). Әлсіз қар жауғанда (0,5-1 мм/сағ жиілікте) жолдарды өңдеуді 30-45 минуттан кейін бастау қажет»;
64 тармақтағы «жаумай тұрып жүргізіледі» сөздері «жауа бастаған кезден жүргізіледі» сөздерімен ауыстырылсын;
68 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көтерілу мен төмен түсу және қисық шағын ойысы бар жолдарда доңғалақтардың жанасу коэффициентін арттыру үшін, температурасы 60С-ден төмен немесе одан да төмен температура кезінде жолдар 150-200 г/м2 көлемдегі құм-тұз қоспаларымен өңделеді. Жол қозғалысы 10 м-ден асатын кең құлаш жолдың бетін 2 қатар машинамен өңдеуі керек»;
81 тармақтағы «30 метрден» сөздері «20 метрден» сөздерімен ауыстырылсын;
91 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«91. Қыс мезгiлiнде ғимарат иелерi уақытында шатырларды қар мен мұздан, сүңгiлерден тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы керек.»;
107 тармақтағы «отыруға міндетті» сөздері «отырады» сөзімен ауыстырылсын;
110 тармақта:
бірінші абзацта «арнайы көлігі бар және» сөздерінен кейін «қалдықтарды көметін Полигонмен, сондай-ақ» сөздерімен толықтырылсын;
екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Қоқысты сыртқа шығарушы ұйымдар кестеде (ҚТҚ шығаруға келісім-шарттың қосымшасы) көрсетілген мерзімде қоқысты шығару бойынша қызмет көрсетуі қажет.»;
117 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«117. Контейнерлік алаңдарды орналастыру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, сәулет және қала құрылыс органдарымен және пәтер иелері кооперативімен келісіледі»;
121 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«121. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуі керек:»;
127 тармақтағы «орындалуы тиіс» сөздері «орындалады» сөзімен ауыстырылсын;
135 тармақтағы «әйтпесе» сөзі «немесе» сөзімен ауыстырылсын;
143 тармақтағы «ауыстыруға, жөндеуге және бояуға тиіс» сөздері «ауыстырады, жөндейді және бояйды.» сөздерімен ауыстырылсын;
148 тармақта «етуге тиісті» сөздері «етулері керек» сөздерімен ауыстырылсын;
150 тармақтағы «жүргізуге» сөзі «жүргізуі» сөзімен ауыстырылсын;
160 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
162 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
Ереженің қосымшасында:
Көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі талаптарда:
1 тармақтың бірінші абзацындағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
5 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
6 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау Төлқұжатының 7 тармағындағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссиясына (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.