О подготовке и проведении VI областной спартакиады по летним и конным видам спорта Қолданыста
Басқа 0
Жазғы және ат спорты түрлерi бойынша VI облыстық спартакиада өткiзу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заѕына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 26 маусымнан 29 маусымға дейiн Екiбастұз қаласында Павлодар облысының 65 жылдығына арналған облыстың қалалары мен аудандары арасында жазғы және ат спорты түрлерi бойынша VI облыстық спартакиада (бұдан әрi - Спартакиада) өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Спартакиадаға дайындық және өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетi құрылсын, 1,2-қосымшаларға сәйкес оның құрамы мен iс-шаралары бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының өкiмдерi жазғы және ат спорты түрлерi бойынша қалалық және аудандық спартакиадалар өткiзудi ұйымдастырсын, сондай-ақ жеңiмпаздардың облыстық Спартакиадаға қатысуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Басқа 5. Жазғы және ат спорты түрлерi бойынша VI облыстық спартакиадаға дайындық және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 12 мамырдағы
"Жазғы және ат спорты түрлерi
бойынша VI облыстық спартакиаданы
өткiзу туралы" № 100/4 қаулысына
1-қосымша
Жазғы және ат спорты түрлерi бойынша VI облыстық спартакиадаға дайындық және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы
Жұмабекова
Рысты Мағауияқызы
- облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға
Набитовский
Валерий Давыдович
- Екiбастұз қаласының әкiмi, төрағаның орынбасары
Шнейдмюллер
Александр Викторович
- облыс туризм және спорт департаментiнiң бастығы, спартакиаданың бас төрешiсi
Комитет мүшелерi:
Ахметов
Нариман Сақышұлы
- облыс ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы
Бочин
Виктор Захарович
- облыс қаржы департаментiнiң бастығы
Жазин Әмiр Нұрмағамбетұлы
- облыстық ардагерлер кеңсiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Қазанғапов
Дүйсебек Мұсабекұлы
- облыс денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы
Қанафина Айым Мүкәрамқызы
- облыс мәдениет департаментiнiң бастығы
Кәрiмжанов Бахриден Сарбасұлы
- облыс бiлiм департаментiнiң бастығы
Нигматуллина
Наталья Анатольевна
- облыс әкiмi баспасөз қызметiнiң басшысы
Оразалинов
Елубай Атағайұлы
- облыс әкiмi iс басқармасының бастығы
Оразғалиев
Болат Дүйсенбекұлы
- облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Тұмарбеков Мұрат Ахметұлы
- облыс iшкi iстер басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Чудовский Николай Петрович
- облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша)
Басқа 6. Жазғы және ат спорты түрлерi бойынша VI облыстық спартакиадаға дайындық және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 12 мамырдағы
"Жазғы және ат спорты
түрлерi бойынша VI облыстық
спартакиаданы өткiзу туралы"
№ 100/4 қаулысына
2-қосымша
Жазғы және ат спорты түрлерi бойынша VI облыстық спартакиадаға дайындық және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар
Р/с
N
Iс-шаралардың атауы
Орындау үшiн жауаптылар
Орындалу мерзiмдерi
1.
Жазғы және ат спорты түїрлерi бойынша қалалық және аудандық спартакиадалар өткiзу, жеңiмпаздардың облыстық спартакиадаға қатысуын қамтамасыз ету
Қалалар мен аудандардың әкiмдерi
2003 жылғы 23 маусымға дейiн
2.
Спартакиаданы сәттi өткiзу үшiн спорт объектiлерiн және құралдарын уақытында дайындауды қамтамасыз ету, жарыстар өтетiн жерлердi радиоландыру
Екiбастўұз қаласының әкiмi, облыс туризм және спорт департаментi
2003 жылғы 22 маусымға дейiн
3.
Спартакиадаға қатысушылардың тұратын жерлерiн әзiрлеу, олардың тұўратын жерлерiнде тамақтандыруды ұйымдастыру
Екiбастұз қаласының әкiмi, облыс туризм және спорт департаментi
2003 жылғы 22 маусымға дейiн
4.
Жарыстар өтетiн, спортшы-лар тұратын жерлерде құқықтық тәртiптi және қалалар мен аудандар спорт делегацияларының жүру жолдарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Облыс IIБ (келiсiм бойынша)
2003 жылғы 26-29 маусым
5.
Спартакиаданың салтанатты ашылу және жабылу бағєдарламасын дайындау
Екiбастұз қаласының әкiмi, облыс мәдениет, туризм және спорт департаменттерi
2003 жылғы 27, 29 маусым
6.
Спартакиадаға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру
Облыс денсаулық сақтау департаментi
2003 жылғы 26-29 маусым
7.
Спартакиаданың жеңiмпаздарын және жүлдегерлерiн марапаттау үшiн баспа өнiмдерi мен ерекшелiк белгiлердi дайындауды қамтамасыз ету
Облыс туризм және спорт департаментi
2003 жылғы 22 маусымға дейiн
8.
Спартакиаданың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн марапаттау үшiн естелiк жүлделер сатып алу
Облыс туризм және спорт департаментi
2003 жылғы 22 маусымға дейiн
9.
Спартакиаданы бұқаралық ақпараттар құралдарында уақытында көрсетудi қамтамасыз ету
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (келiсiм бойынша)
Кезең бойы
10.
"Ақбидай" республикалық ауыл спорттық ойындарына қатысу үшiн Спартакиаданың қорытындылары бойынша спорттың түрлерiнен құрама командалар жасақтау
Облыс туризм және спорт департаментi
2003 жылғы қыркүйек