«О внесении дополнений в решение VII сессии районного маслихата от 25 июня 2008 года «О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аудан мәслихаттың 2008 жылғы 25 маусымдағы 7 сессиясының «2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 110 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Нүра аудандық мәслихаттының 2008 жылғы 25 маусымдағы 7 сессиясының «2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №110 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне №8-14-80 болып тіркелген, «Нұра» газетінің 2008 жылғы 16 тамыздағы №33 (5064) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1 тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Негізгі азық-түліктердің бағасы мен қуаттасушылардың тарифтерінің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек азаматтардың келесі жеке топтарына көрсетіледі: Күнкөріс кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларына, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушыларға. Мұқтаж азаматтарының жеке топтарына негізгі азық-түліктердің бағасы мен қуаттасушылардың тарифтерінің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек ақшадай төленеді. Әлеуметтік көмек әрбір алушыға бір айлық көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін. Әлеуметтік көмек «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтарының жеке топтарына әлеуметтік көмек» деген бюджеттік бағдарламаға сәйкес беріледі. Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдердің атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мәліметтері базасы бойынша қалыптастырылады. Әлеуметтік көмек төлемдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісін кейбір банктік операцияларды жүзеге асыру құқығын берген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер және ұйымдар арқылы, жеке есеп шотқа аудару жолымен жүргізіледі».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдан 1 тамыз бастап туындаған қатынастарға таратылады.