О внесении изменений и дополнений в решение ХХVII-й сессии Алматинского городского маслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Порядка установки, снятия и поверки индивидуальных и коммерческих приборов учета коммунальных услуг в городе Алматы" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен (құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2003 жылғы 17 қазанында N 559 рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 25 қазанда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) бекітілген «Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу Тәртібінің» 2.10 тармағына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бірінші абзацтағы "Тұтынушы тексеру мерзімін дербес сақтауға міндетті" сөздері алынып тасталсын, осы абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: "Жеткізушінің хабарламасы осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгіде болуы керек және тұтынушының отбасының кәмелетке толған мүшесіне табыс етіледі."; екінші абзацтағы "1 айдан" сөзі "екі айдан" сөздерімен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Т.Т. Баратов) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И. Заяцқа жүктелсін.
Басқа 3
Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібіне қосымша ХАБАРЛАМА Аз.______________________________________________, Алматы қаласы, ______________________ көшесі (ықшамауданы), N _____үй ______пәтер тұрғыны, осы хабарлама бойынша сіздің үйіңізде орнатылған суық және ыстық суды, жылуды (керегінің асты сызылсын) есептеу құралы 20 ____ жылдың "__"»_________ айында орнатылған. Қызмет ету мерзімінің өтіп кетуіне байланысты есептеу құралын тексеруден өткізу қажет. Тексеруді осы хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде өткізу қажет, тексеру өткізілмеген жағдайда ІІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVІІ-ші сессиясының шешімімен бекітілген "Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу Тәртібінің" 2.10 тармағына сәйкес (құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2003 жылғы 17 қазанында N 559 рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 25 қазанда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 200__ жылғы "___" _________ N___ рет санымен тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 200__ жылғы "___" _________ және "Вечерний Алматы" газетінің 200__ жылғы "___" _________ сандарында жарияланған) тұтынылған коммуналдық қызмет (тауар) үшін өкілетті орган белгілеген 1 адамға шаққандағы баға бойынша жүргізу құқығымызды пайдаланамыз. Есептеу құралдарын орнату мен мен алуды техникалық талаптарға сәйкес осы қызмет түрлері үшін өкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді. Хабарламаны алдым ____________________________, (А.Ж.Ф) "___" _________ 20 __ жыл ___________________ (қолы) Жеткізушінің реквизиттары