О внесении изменений в решение VII-й внеочередной сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 6 декабря 2000 года "О привлечении кредита для восстановления пассажирского терминала в аэропорту города Алматы" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы 6 желтоқсандағы ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты VІІ-шi кезектен тыс сессиясының "Алматы қаласындағы әуежай жолаушылар терминалын қалпына келтiру үшiн несие тарту туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 362 шешімімен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 88 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы, 4 тармағына 1 тармағының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңның 3 бабына, 2000 жылғы 20 желтоқсандағы Алматы қаласы Әкiмi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, "Казкоммерцбанк" Ашық акционерлiк қоғамы, "Алматы қаласы Әкiмi аппаратының Күрделi құрылыс" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны арасындағы N 6ВНУ 003П келiсiмiне және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1. Алматы қаласындағы әуежай жолаушылар терминалын қалпына келтiруге бөлiнген несиенi және несиенi пайдаланғаны үшiн пайыздарды өтеу КЕСТЕСI
1. 2000 жылғы 6 желтоқсандағы ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты VІІ-шi кезектен тыс сессиясының "Алматы қаласындағы "Алматы қаласындағы әуежай жолаушылар терминалын қалпына келтiру үшiн несие тарту туралы" шешiмiнiң қосымшасына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн. Қосымша мына редакцияда мазмұндалсын: Алматы қаласындағы әуежай жолаушылар терминалын қалпына келтiруге бөлiнген несиенi және несиенi пайдаланғаны үшiн пайыздарды өтеу КЕСТЕСI (АҚШ доллары)
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика, өндiрiстi дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И.Шелипанов) мен Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е.Жаңбыршинге жүктелсiн.