О внесении дополнений в решение VIII сессии маслихата области Ұлытау от 5 декабря 2023 года № 92 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі» қосымшасында 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын : «26. «Қозғалыс нейрон ауруы» - Рилузол препараты. 27. «Гемолитикалық-уремиялық синдромы»- Экулизумаб препараты. 28. «Жүйелі қызыл жегі» - Анифролумаб препараты. 29. «Ойық жаралы колит» - Адалимумаб препараты. 30. «Тубулярлы некрозы бар жедел бүйрек жеткіліксіздігі» - Экулизумаб препараты.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.