О проведении VIII Фестиваля культуры и искусства народов Казахстана, посвященного 50-летию начала освоения целинных и залежных земель в Железинском районе Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Железин ауданында тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толуына байланысты «Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII – Фестивалін өткізу туралы» Қоғамдық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, мәдениет дамуының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкестігін тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толуын тайлау шеңберінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толуын тойлауға арналған Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII – Фестивалі келесі мерзімде өткізілсін: I – II кезеңдері – 1-15 тамыз Гала – концерт – тамыз III кезең – қыркүйек
Тармақ 2
2. Фестивальды өткізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Фестивальды дайындап өткізу үшін жұмыс тобы құрылысын (1 қосымша).
Тармақ 4
4. Село округтерінің әкімдері селолық округтер өкілдерінің Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестиваліне қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастырсын, көркем өнерпаздардың және сәндік – қолданбалы өнердің, халық шығармашылығының шеңберлерін Фестивальдің 1 және кезеңіне, сондай-ақ аудандық гала –концертке келіп қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы және экономика басқармасы (Доскитеев Қ.Б.) бюджетте қарастырылған қаражатқа сәйкес Фестивальді мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 24 «Железин ауданында тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толуына байланысты «Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін өткізу туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 8. Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жылдығына арналған Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін өткізу ҚАҒИДАСЫ
Аудан әкімінің 2004 жылғы 20 шілдедегі «Железин ауданында тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толуына байланысты «Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін өткізу туралы» № 29 шешімімен белгіленген Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жылдығына арналған Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін өткізу ҚАҒИДАСЫ
Тармақ 1
1. Қазақстан халықтарына мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін өткізу жөніндегі осы Қағида (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Фестивальді өткізудің ретін, шартын және кестесін анықтап белгілейді.
Тармақ 3
3. Фестивальді өткізудің мақсаты:
Тармақша 1
1) Мәдени – тарихи мұраны сақтау, дамыту және көбейту;
Тармақша 2
2) Павлодар Ертіс өнеріне жайласқан халықтарының ұлттық мәдениетінің шығармашылық әлеуетінің дамуына құнтты көзқарасты тәрбиелеу;
Тармақша 3. Фестивальді өткізудің реті, шарты және кестесі
3) Қоғамдық келісімді нығайту, патриотизмді тәрбиелеу. Фестивальді өткізудің реті, шарты және кестесі
Тармақ 4
4. Фестиваль 2004 жылдың тамыз – қыркүйек айларында үш кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезең кестеге сәйкес конкурстық бағдарлама үлгісінде аудандық село округтерінде өткізіледі. Аудандық I кезең мейрамының бағдарламасына мыналар енеді:
Тармақша 1
1) концерттік бағдарлама;
Тармақша 2
2) сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі;
Тармақ 5
5. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Церковное селосында өтетін «Достық, Мәдениет және спорт» мейрамындағы Фестивальдің екінші турына қатысады. Концерт бағдарламасының екінші кезеңіне мыналардың қатысуы қарастырылады:
Тармақша 1
1) Хор, би ұжымдарының, халық аспаптарының ансамбльдерінің оркестрлерінің (әрбір жанр бойынша екі ұжымнан артық емес);
Тармақша 2
2) Жеке орындаушылардың, вокалдық топтардың (әрбір жанр бойынша үш орындаушыдан артық емес: аспаптық, өлеңдік, ақындық).
Басқа 21. Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуының 50 жылдығына арналған Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін дайындау және өткізу бойынша жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімінің 2004 жылғы 20 шілдедегі «Железин ауданында тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толуына байланысты «Қазақстан халықтары мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін өткізу туралы» № 29 шешіміне 1 қосымша Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуының 50 жылдығына арналған Қазақстан халықтарының мәдениетінің және өнерінің VIII Фестивалін дайындау және өткізу бойынша жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Марданова Айгүл Қамзақызы - аудан әкімінің орынбасары, төрайым
Тармақ 2
2. Адамова Марғуаш Нұрқайдарқызы - мәдениет және спорт бөлімінің бастығы
Тармақ 3
3. Аронов Ерғали Қамзаұлы - Уәлихан селолық округінің әкімі
Тармақ 4
4. Бекмұхамбетов Чапай Алыбаевич - Еңбекші селолық округінің әкімі
Тармақ 5
5. Байгиреев Бекет Құрманғалиұлы - Озерін селолық округінің әкімі
Тармақ 6
6. Гундарь Федор Иванович - Веселая Роща селолық округінің әкімі
Тармақ 7
7. Доскиреев Қаиржан Бекқайырұлы - Аудандық қаржы және экономика басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Жүнісов Болатхан Нұрханұлы - Аудандық Мәдениет Үйінің директоры
Тармақ 9
9. Камкова Лидия Оттовна - Аудандық білім бөлімінің бастығы
Тармақ 10
10. Кальченко Людмила Семеновна - Башмашын селолық округінің әкімі