О внесении изменения в решение XIХ-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 12 сентября 2013 года № 175 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение XIХ-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 12 сентября 2013 года № 175 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы"
- Атауы (қаз.)
- V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 186
- Қабылданған күні
- 09.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 75745_256236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0001014
- ЭКБ идентификаторы
- 75745
- Редакция идентификаторы
- 75745_256236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:40
0 V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1004 тіркелген, 2013 жылғы 22 қазанда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезінен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
бірінші орынбасары
Ю. Ильин
Алматы қалалық Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бастығы
Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі
А. Қасымова