О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (XIII сессия, III созыв) «О правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Экибастузу» от 25 марта 2005 года № 3.174 (НГР 2987 от 11 апреля 2005 года) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған XIII сессия) 2005 жылғы 25 наурыздағы "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру туралы" № 3.174 шешіміне өзгертулер енгізу туралы (2005 жылғы 11 сәуір МТН 2987) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жер қатынастары туралы» Заңы негізінде және халықтың әлжуаз бөлігін әлеуметтік қолдау мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ: Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған XIII сессия) 2005 жылғы 15 наурыздағы «Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй қөмегін беру туралы» № 3.174 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1) 2-тармақтық 2 азатжолы «2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін түрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) ұстауға және коммуналдық қызметті қолдануға арпалған шығындарға жіберілетін үлес, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, жұмыссыздарға, жұмыс өтілі толық емес зейнеткерлерге, зейнетақы мөлшері төмендерге жиынтық кірісінен бес пайыз мөлшерінде және Екібастұз қаласы отбасыларының басқа санаттағы азаматтары үшін жеті пайызға белгіленеді». Осы өзгерістер 2008 жылдың 1 қаңтарында туындағын құқықтық қатынастарға да таралады; 2) Қағиданың 6-тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «6.Тұрғын үй көмегі тұргын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) ұстау үшін төлемді азайту және коммуналдық қызмет бойынша меншік иесіне аударылған соманы салыстыру бойынша қолма-қол емес нысанда, алушының жазбаша өтінішінде көрсетілген қызмет ұсынушылардың жеке шоттарына қаражатты аудару жолымен немесе тұрғын-үй көмегін бөлу, қызмет ұсынушылар арасында әлеуметтік қалыптардың шегінде аударылған төлемдерге пропорционалды түрде жүзеге асырылады».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.