О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (XIII сессия, III созыв) «О правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Экибастузу» от 25 марта 2005 года № 3.174 Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (III шакырылған XIII сессия) «Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-уй көмегін беру ережелері туралы» № 3.174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазакстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы негізінде, Екібастұз қаласы әкімінің 2008 жылгы 12 қыркүйектегі № 1024/1-11 хаты негізінде, кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін жөндеуге арналган шығынды өтеу бойынша халықтың әлжуаз бөлігін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы (IV шақырылған /VII сессия) «Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (III шақырылған XIII сессия) «Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін беру қағидалары туралы» № 3.174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (2008 жылғы 18 маусымда Екібастұз қаласы әділет Басқармасында № 12-3-17» тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымда «Отарқа» газетінде № 25, 2008 жылғы 19 маусымда «Вести Экибастуза» газетінде № 25 жарияланған) № 79/7 шешімімен. Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылгы 01 маусымдағы (IV шақырылған VIII сессия) «Екібастұз қалалық мәслихатының 200,5 жылғы 25 наурыздағы (III шақырылған ХШ сессия) «Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру қағидалары туралы» № 3.174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (2008 жылғы 10 шілдедегі Екібастұз қаласы әділет Басқармасында № 12-3-181 тіркелген, 2008 жылгы 17 шілдеде «Отарқа» газетінде № 29 жарияланған) № 92/8 шешімімен енгізілген өзгерістермен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (III шақырылған XIII сессия) «Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережелері туралы» (2005 жылғы 11 сәуірде Павлодар облысы әділет Департаментінде № 2987 тіркелген, 2005 жылғы 21 сәуірде «Отарқа» газетінде № 17, 2005 жылғы 21 сәуірде «Вести Екибастуза» газетінде № 16 жарияланған) № 3.174 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) ереженің 2-тарауы келесі мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын: Ереженің 3-тамағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Заңнамасымен қарастырылған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға кұқығы бар тұлғалар, кондоминиумның жалпы мүлігінен жөндеуге арналған шығындарға өтемақы алуға құкылы.
Тармақша 2
2) ереженің, Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру 12-1 тармағы «төлемге» сөзінен кейін «немесе мөлшері туралы анықтаманы» сөздерімен толықтырылсын;
Тармақ 3
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.