О неотложных мерах по подготовке спортсменов Казахстана к участию в очередных XIX зимних 2002 года в Солт-Лейк-Сити (Соединенные Штаты Америки) и XXVIII летних 2004 года в Афинах (Греция) Олимпийских играх Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан спортшыларын кезекті 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі (Америка Құрама Штаттары) ХІХ қысқы және 2004 жылғы Афиныдағы (Грекия) ХХҮІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау жөніндегі шұғыл шаралар туралы 📌 Ескерту. 3-тармағын қоспағанда қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.26 № 651 Қаулысымен. Қа­зақ­стан спорт­шы­ла­ры­ның ке­зек­ті 2002 жы­л­ғы Солт-Лейк-Си­ти­де­гі (Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры) ХІХ қы­сқы және 2004 жы­л­ғы Афи­ны­да­ғы (Гре­кия) ХХVІ­ІІ жаз­ғы Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­на қа­ты­су­ға са­па­лы дай­ынды­ғын қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті қа­у­лы ете­ді:
Тармақ 1
1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Олим­пи­а­да­лық Ко­ми­те­тіне бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы спорт­шы­ла­ры­ның ке­зек­ті 2002 жы­л­ғы Солт-Лейк-Си­ти­де­гі (Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры) ХІХ қы­сқы және 2004 жы­л­ғы Афи­ны­да­ғы (Гре­кия) ХХVІ­ІІ жаз­ғы Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­на (бұ­дан әрі - Олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар) қа­ты­суы ту­ра­лы өті­нім­ді Ха­лы­қа­ра­лық Олим­пи­а­да Ко­ми­те­тіне уа­қы­ты­лы ен­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету ұсы­ныл­сын.
Тармақ 2
2. Қо­сым­ша сәй­кес Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның же­ңім­паз­да­ры, жүл­де­гер­ле­рі мен олар­дың жат­тық­ты­ру­шы­ла­ры үшін бір­жол­ғы тө­лем­дер­дің мөл­ше­рі бел­гі­лен­сін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен мекен-жайы: Астана қаласы, Потанин көшесі, 14 үйде орналасқан Астана қалалық Ішкі істер басқармасы "Энергия" спорт кешенінің ғимараттарын, спорт жабдықтары мен мүкәммалдарын және мекен-жайы: Алматы қаласы, Шаляпин көшесі, 20 үйде орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық кеңесінің "Динамо" бассейнін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің теңгеріміне беру жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ту­ризм және спорт жө­нін­де­гі агент­ті­гі:
Тармақша 1
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы спорт­шы­ла­ры­ның Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­на қа­ты­су­ға ли­цен­зия алу құқы­ғы үшін ха­лы­қа­ра­лық жа­ры­стар­ға са­па­лы дай­ын­да­луын және қа­ты­суын;
Тармақша 2
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қы­сқы және жаз­ғы спорт түр­ле­рі бой­ын­ша олим­пи­а­да­лық құ­ра­ма ко­ман­да­сы­ның мү­ше­ле­рі үшін қа­жет­ті мүк­әм­мал­дар мен жаб­дық­тар са­тып алу­ды;
Тармақша 3
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның де­ле­га­ци­я­сын ше­ру­лік, спорт­тық ны­сан­да­ғы ки­ім­мен және ке­рек-жа­рақ­тар­мен қам­та­ма­сыз ет­сін.
Тармақ 5
5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ту­ризм және спорт жө­нін­де­гі агент­ті­гі:
Тармақша 1
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­ра­уы­на заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­рын­да - жаз­ғы және Өс­ке­мен қа­ла­сын­да қы­сқы спорт түр­ле­рі бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка­лық олим­пи­а­да ор­та­лық­та­рын ашу ту­ра­лы ұсы­ныс ен­гіз­сін;
Тармақша 2
2) 2002 жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет жо­ба­сын қа­лып­та­сты­ру жө­нін­де­гі бюд­жет­тік ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на: - Спорт­шы­лар­дың до­пинг­ке қар­сы зерт­ха­на­сы үшін жаб­дық­тар са­тып алу­ға; - Ал­ма­ты және Аста­на қа­ла­ла­рын­да - жаз­ғы және Өс­ке­мен қа­ла­сын­да қы­сқы спорт түр­ле­рі бой­ын­ша олим­пи­а­да­лық дай­ын­дық­тың рес­пуб­ли­ка­лық ор­та­лық­та­рын құ­ру­ға; - ұлт­тық құ­ра­ма ко­ман­да­лар­ды да­яр­лау үшін пай­да­ла­ны­ла­тын спорт объ­ек­ті­ле­рін жөн­де­у­ге, қай­та жа­ңар­ту­ға және қа­зір­гі за­ман­ғы жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру­ға; - Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның же­ңім­паз­да­ры, жүл­де­гер­ле­рі және олар­дың жат­тық­ты­ру­шы­ла­ры үшін бір­жол­ғы тө­лем­дер тө­леу үшін қа­ра­жат бө­лу ту­ра­лы эко­но­ми­ка­лық негіз­дел­ген ұсы­ны­стар бер­сін.
Тармақ 6
6. Об­лы­стар мен Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­де­рі:
Тармақша 1
1) 2001-2002 жыл­да­ры ба­ла­лар-жа­сө­спі­рім­дер спорт мек­теп­те­рін, олим­пи­а­да ре­зер­ві мек­теп­те­рін, спорт­та­ғы да­рын­ды ба­ла­лар­ға ар­нал­ған мек­теп-ин­тер­нат­тар­ды және спорт ре­зер­він да­яр­ла­удың ай­мақ­тық ор­та­лық­та­ры­ның жұ­мыс іс­те­уі жө­нін­де;
Тармақша 2
2) жаз­ғы және қы­сқы Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­на қа­ты­су­ға ли­цен­зия алу құқы­ғы үшін үміт­кер спорт­шы­лар­ды ха­лы­қа­ра­лық жа­ры­стар­ға қа­ты­су­ға дай­ын­да­у­ға және қа­ты­суы­на қар­жы­лық қол­дау көр­се­ту мен жағ­дай жа­сау жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­сын.
Тармақ 7
7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Қа­зақ мем­ле­кет­тік спорт және ту­ризм ака­де­ми­я­сы­ның Кадр­лар­ды да­яр­лау, қай­та да­яр­лау және бі­лік­ті­лік арт­ты­ру ор­та­лы­ғын­да ақы­лы негіз­де шарт бой­ын­ша екі жыл­дық жо­ға­ры са­нат­та­ғы жат­тық­ты­ру­шы­лар да­яр­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­сын.
Тармақ 8
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­де­ни­ет, ақ­па­рат және қо­ғам­дық ке­лі­сім ми­ни­стр­лі­гі: - рес­пуб­ли­ка­лық бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы спорт­шы­ла­ры­ның олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар­ға қа­ты­су­ға да­яр­лы­ғы ба­ры­сын ке­ңі­нен жа­рия ету­ді; - Олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар­дың өт­кі­зі­луі ке­зе­ңін­де жа­ры­стар­дың Қа­зақ­стан ау­ма­ғы­на транс­ля­ци­я­сын қам­та­ма­сыз ет­сін.
Тармақ 9
9. Осы қа­улы­ның орын­да­луын ба­қы­лау Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры И.Н. Тас­ма­ғам­бе­тов­ке жүк­тел­сін.
Тармақ 10
10. Осы қа­у­лы қол қой­ы­л­ған кү­ні­нен ба­стап кү­шіне ене­ді.
Басқа 18. Солт-Лейк-Си­ти­да­ғы (АҚШ) және Афи­ны­да­ғы (Гре­кия) Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның же­ңім­паз­да­ры­на, жүл­де­гер­ле­ріне және олар­дың жат­тық­ты­ру­шы­ла­ры үшін бір­жол­ғы тө­лем мөл­ше­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2001 жы­л­ғы 18 сәу­ір­де­гі N 510 қа­улы­сы­на қо­сым­ша Солт-Лейк-Си­ти­да­ғы (АҚШ) және Афи­ны­да­ғы (Гре­кия) Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның же­ңім­паз­да­ры­на, жүл­де­гер­ле­ріне және олар­дың жат­тық­ты­ру­шы­ла­ры үшін бір­жол­ғы тө­лем мөл­ше­рі 1 орын - 100 000 АҚШ дол­ла­ры 2 орын - 50 000 АҚШ дол­ла­ры 3 орын - 30 000 АҚШ дол­ла­ры 4 орын - 10 000 АҚШ дол­ла­ры 5 орын - 5000 АҚШ дол­ла­ры 6 орын - 3000 АҚШ дол­ла­ры