О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) «Взгляд на события» газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
27, 27-1, 27-2, 27-3 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Жайназаров
2018 жылғы 11 сәуір