О внесении дополнений в решение внеочередной XLI-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 23 июля 2015 года № 347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
Тармақша 1
1) 3. «Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі» тарауы: келесі мазмұндағы 31-1 тармағымен толықтырылсын: «31-1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы әр ай сайын 29-на дейін емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген туберкулезбен науқас адамдардың тізімін, сондай-ақ «Каменское Плато» туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге жолданған туберкулезбен науқас адамдардың тізімін және емін 7 күннен аса үзген туберкулезбен науқас адамдардың тізімін Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынсын.»;
Тармақша 2
2) 4. «Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер» тарауындағы: 42 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) туберкулезбен ауыратын науқастарды «Каменское плато» туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге немесе Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде жіберу.».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
Тармақша 1
1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Х.Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Тауфиковқа жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Енгізуші: Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Ахметова Келісілді: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиков Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембеков Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Ж. Мұхамеджанов Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы У. Ахметов