О внесении изменений в решение XLI-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 23 июля 2015 года № 347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы» Күшін жойған
Басқа 0
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының
«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы
23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
12-тармақтың алтыншы азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы
1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 150 мың теңге.»;
21-тармақтың 20) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«20) мүгедек балалар және мынадай медициналық көрсетілімдерді ескере отырып (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда), жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер:
- толық соқырлық;
- түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
- паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
- елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
- гемиплегия, триплегия, параплегия;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі);
- елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
- буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
- қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
- қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
- екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
- протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
- жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
- қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
- қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары.»;
38-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«8) осы Қағиданың 21-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген мүгедек балаларды және бірінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық ем ұсынатын мекемеде болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторий-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей, тұру және тамақтануын төлей отырып.
Мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.