О внесении изменений в решение XLI сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды» Күшін жойған
Басқа 0
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» № 363 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) «Взгляд на события» газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
Тармақша 1
1) Қағиданың 7 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) Чернобыль АЭС-дағы апат күні;
3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
5) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;
6) Қарттар күні.»;
Тармақша 2
2) Қағиданың 17 тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.