О внесении изменения в решение XV сессии Карагандинского областного маслихата от 4 мая 2018 года № 308 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по Карагандинской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы №308 «Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы №308 «Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4766 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 24 мамырда №55 (22507) «Орталық Қазақстан» және 2018 жылғы 24 мамырда №55 (22314) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпаны № 506 Шешімге қосымша Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы №308 шешіміне қосымша Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында «Нұр-Сәби» жеке меншік балабақшасын жөндеу және пайдалану.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысының Қарағанды қаласында сырғанау айдынын пайдалану.
Тармақ 3
3. Қарағанды қаласында гематология орталығын ашу.
Тармақ 4
4. Саран қаласында гемодиализ орталығын ашу.
Тармақ 5
5. Жезқазған қаласында балаларды оңалту орталығын ашу.
Тармақ 6
6. Теміртау қаласында оңалту орталығын ашу.
Тармақ 7
7. Жезқазған қаласында оңалту орталығын ашу.
Тармақ 8
8. Жаңаарқа ауданында гемодиализ орталығын ашу.
Тармақ 9
9. Қарағанды қаласының «Дарынды бала 4» балабақшасы.
Тармақ 10
10. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 50 орынға арналған балабақша ашу.
Тармақ 11
11. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 40 орынға арналған балабақша ашу.
Тармақ 12
12. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 75 орынға арналған балабақша ашу.
Тармақ 13
13. Қарағанды қаласында 300 орынға арналған облыстық көпсалалы аурухана салу және пайдалану.
Тармақ 14
14. Қарағанды облысының медицина ұйымдарын цифрлық медициналық жабдықпен жарақтандыру.
Тармақ 15
15. Қарағанды қаласында «Ожет» спорт кешенін пайдалану.
Тармақ 16
16. Жезқазған қаласында «Таеквондо орталығын» пайдалану.
Тармақ 17
17. Қарағанды қаласының тұрғындарына мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту қызметтерін көрсету.
Тармақ 18
18. Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығын ашу.
Тармақ 19
19. Қарағанды облысының ауылдық денсаулық сақтау объектілерінде интернет желісіне қолжетімдік үшін спутниктік хабарлар арнасын ұйымдастыру.
Тармақ 20
20. Қарағанды қаласы Октябрь ауданының 11а шағын ауданында емхана салу және одан әрі пайдалану.
Тармақ 21
21. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында (Пришахтинск) Балалар емханасын ашу.
Тармақ 22
22. Қарағанды қаласында оңалту орталығын ашу.
Тармақ 23
23. Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 25 орынға арналған бөбекжай ашу.
Тармақ 24
24. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында емхана ашу (Восток-2 ықшам ауданы).
Тармақ 25
25. Қарағанды қаласында позитронды-эмиссиялық томография орталығын ашу.
Тармақ 26
26. Жезқазған өңірінің медициналық ұйымдары үшін орталықтандырылған медициналық зертхана ашу.
Тармақ 27
27. Қарағанды қаласында маммологиялық орталық ашу.
Тармақ 28
28. Қарағанды қаласының Степной 2 шағын ауданында емхана ашу.
Тармақ 29
29. Балқаш қаласының Злиха Сабитова шағын ауданында емхана салу және одан әрі пайдалану.
Тармақ 30
30. Қарағанды қаласында магнитті-резонансты томография кабинетін ашу.
Тармақ 31
31. Абай, Қарқаралы, Осакаров аудандарында гемодиализ орталықтарын ашу.
Тармақ 32
32. Қарағанды облысының ауылдық денсаулық сақтау объектілерін интернетке қол жеткізу үшін деректерді берудің спутниктік арналарымен қамтамасыз ету.