О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата (XVII сессия, II созыв) от 22 января 2002 года "Об областном бюджете на 2002 год" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 22 қаңтардағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (II сайланған XVII сессиясы) шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасыны үкiметiнiң 2002 жылғы 7 тамыздағы кеңейтiлген мәжiлiсiнде берiлген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасын орындалу үшiн облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 22 қаңтардағы облыстық мәслихаттың (II сайланған ХУII сессиясы) "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған шешiмнiң 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. 2002 жылға арналған облыстық бюджете көлемде бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) түсiмдер: кiрiстер 10 605 755 мың теңге; республикалық бюджеттен алынатын трансферттер 480 257 мың теңге; несиелердi қайтару 240 000 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығыстар: шығындар 11 611 631 мың теңге; несиелер 463 800 мың теңге; тапшылық (профицит) 749 419 мың теңге; тапшылықты қаржыландыру (профициттi пайдалану) 749 419 мың теңге"; 5-тармақ мына редакцияда жазылсын: "5. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте Павлодар қаласының бюджетiне 880 856 мың теңге сомасында трансферттер қарастырылсын, соның iшiнде: мәдениет объектiлерiн қолдауға 25 000 мың теңге; қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге товарлар (жұмыстар мен қызметтер) жеткiзу жөнiндегi өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 287 064 мың теңге; қала көшелерiн жолдарын ұстауға және жөндеуге 150 000 мың теңге; қан сорғыш жөндiктердiң таралуының алдын алуға және оларды жоюға 15 000 мың теңге; спорт құрылымдарын салуға 403 792 мың теңге".