О мерах по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XXI зимних Олимпийских играх 2010 года в Ванкувере (Канада), 16-х Азиатских играх 2010 года в Гуанчжоу (Китайская Народная Республика), 7-х зимних Азиатских играх 2011 года в городах Астане и Алматы (Республика Казахстан) и XXX Олимпийских играх 2012 года в Лондоне (Соединенное Королевство Великобритании и Северной Ирландии) Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) ХХХ Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына сапалы даярлануын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрамы;
Тармақша 2
2) Ванкувердегі (Канада) және Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына арналған біржолғы төлемдердің мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет отырыстарында облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Азия және Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы туралы есептерін тыңдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетімен, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялармен (қоғамдық бірлестіктермен)(келісім бойынша) бірлесіп: спортшыларды кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
Тармақша 1
1) Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы), Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) Азия ойындарына, 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада), 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және (Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарына даярлану бойынша үміткер спортшыларға қаржылық қолдау көрсету және 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) қысқы XXI Олимпиада ойындарына, 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар алу үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 2
2) оқыту күні ұзартылған және оқу-жаттығу процесі тереңдетілген спорт түрлері бойынша мамандандырылған сыныптар, облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектептерін ашу жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) жылына кемінде екі рет әкімдіктің отырыстарында спортшылардың Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы), Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) Азия ойындарына, 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада), 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарына қатысуға даярлануы және 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) қысқы XXI Олимпиада ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар алу мәселелерін қарау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Т.М. Досмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1059 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы Мәсімов                       - Қазақстан Республикасының Премьер- Кәрім Қажымқанұлы               Министрі, төраға Ермегияев                     - Қазақстан Республикасының Туризм Талғат Амангелдіұлы             және спорт министрі, төрағаның орынбасары Жақсыбеков                    - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Әділбек Рыскелдіұлы             министрі Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы Болат Бидахметұлы               министрі Жұмағалиев                    - Қазақстан Республикасының Байланыс Асқар Қуанышұлы                 және ақпарат министрі Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Білім және Бақытжан Тұрсынұлы              ғылым министрі Қайырбекова                   - Қазақстан Республикасының Салидат Зекенқызы               Денсаулық сақтау министрі Камалиев                      - Қазақстан Республикасының Көлік және Берік Сайлауұлы                 коммуникация министрі Қасымов                       - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы      министрі Келімбетов                    - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы                 Экономикалық даму және сауда министрі Құл-Мұхаммед                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет Мұхтар Абрарұлы                 министрі Омаров                        - Қазақстан Республикасының Туризм және Мұрат Ескелдіұлы                спорт вице-министрі Досмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Темірхан Мыңайдарұлы            Олимпиада комитетінің президенті (келісім бойынша) Досымбетов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Тимур Камалұлы                  Олимпиада комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша) Жампейісов                    - Қазақстан Республикасы Туризм және Қайыргелді Масығұтұлы           спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
Басқа 2. Ванкувердегі (Канада) және Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына арналған біржолғы төлемдердің мөлшері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1059 қаулысымен бекітілген Ванкувердегі (Канада) және Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына арналған біржолғы төлемдердің мөлшері 1-орын - 250 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде 2-орын - 150 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде 3-орын - 75 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде 4-орын - 30 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде 5-орын - 10 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде 6-орын - 5 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде