Об инвестировании сельского хозяйства области и внесении изменений и дополнений в решение XXI сессии облмаслихата от 6 января 1999 года "Об областном бюджете на 1999 год" Күшін жойған
Басқа 0
Облыс ауыл шаруашылығын инвестициялау және облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 6 қаңтардағы «1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 21 сессияның шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Облыс әкімінің ұсынысы бойынша және ҚР Үкіметінің №341 наурыз 1999 жылғы «1999 жылғы егіс науқаның тұқымдық дәнмен тауарлы несиелеу» туралы және 30 наурыз 1999 жылғы «Облыстық ауыл шаруашылығы тауарлары өндірісшілерін 1999 жылдың көктемгі егін егуге тұқыммен қамтамасыз етудегі шиеленісті жағдай» туралы №22 шешімінің негізінде облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Тұқымды дән сатып алуға 6011157,49 (алты миллион он бір мың жүз елу жеті) АҚШ долларына баламалы 700000 мың теңге сомасында қарыз бөнінуі, салықтық емес түсімдердің 700000 мың теңгеге өсірілуі қарастырылып, соның ішінде айыппұлдар мен санкциялардың сомасы бойынша түсім 700000 мың теңге, шығыс бөліміндегі «Әкім аппараты» мекемесіне 105, «Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу» 55 бағдарламасы бойынша 700000 мың теңге сомасындағы борышты өтеу қарастырылып 1999 жылдың облыстық бюджетіне өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыс бюджетінің кіріс бөлігі бойынша 5446873 теңге сомасында, өтеу бойынша 123727 мың теңге және шығыс бөлігі бойынша 5570600 теңге сомасындағы өзгерістер ескеріліп бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкіміне «Ауыл шаруашылығына қаржылы қолдау жасау Қоры» ашық акционерлік қоғамымен, «Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы» ЖТАҚ 6011157,49 АҚШ долларына баламалы 700000 мың теңге сомасында облыстық бюджетті кепілдікке қойып дәнді тұқымды қарызға алуға:
- облыс тауар өндірушілермен «Ауыл шаруашылығына қаржылы қолдау жасау Қоры» ЖАҚ және «Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы» ЖТАҚ алдында алған несиені уақытында қайтаруға міндеттеме алатын жағдай бойынша келісім-шарт жасау құқығы рұқсат берілсін.
Тармақ 4
4. Облыс бюджетіне қарызды өтеу үшін және осы бойынша атқарылған қызмет үшін 700000 мың теңге сомасында қаржы қарастырылсын.
Тармақ 5
5. Жоғарыда көрсетілген заем 1999 жылы өтелмеген жағдайда, осы қарыз сомасы келесі жылдарға арналған бюджетке ауысады.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдеріне берілген кепілдік бойынша облыстық бюджетке қаржыны өтеуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы (Қ.Ғ. Шалабаев) тұқымның жеткізілімін және оларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін болсын.