О внесении изменения в решение XXI-й сессии Алматинского городского маслихата I-го созыва от 18 сентября 1998 года "Об утверждении правил благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты и организации уборки территории города Алматы" Күшін жойған
Басқа 0
I сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі XXI сессиясының«"Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру Тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
заңының
7 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласы мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. I сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі XXI сессиясының "Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру Тәртібін бекіту туралы"»
шешіміне
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1999 жылы 5 наурызда N 35 тіркелген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - I сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы ХХV сессиясының шешімімен, 1999 жылғы 11 маусымда N 60 рет санымен тіркелген; II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2001 жылғы 4 сәуірдегі IХ сессиясының шешімімен, 2001 жылғы 25 сәуірде N 327 рет санымен тіркелген; II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2001 жылғы 14 қарашадағы ХIII сессиясының шешімімен, 2001 жылғы 28 қарашадағы N 408 рет санымен тіркелген; II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы ХХIV сессиясының шешімімен, 2003 жылғы 3 сәуірде - "Алматы ақшамы" N 67 газетінде жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі XV сессиясының№N 143 шешімімен, 2005 жылғы 7 маусымда N 660 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 16 маусымда - "Алматы ақшамы" N 67, 2005 жылғы 30 маусымда - "Вечерний Алматы" N№131-133 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумақтарын көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалық сақтаудың және жинастыруды ұйымдастырудың Ережесінде:
алынып тасталсын:
"Қалалық өтетін жолдарды жинау және күтіп-ұстау"»ІV бөлімдегі "Қалалық өтетін жолдарды жинау үшін сол немесе өзге ұйымдарға бекіту жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі" сөздері;
9.2. тармағы.
Тармақ 2
2. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.