О внесении дополнений в решение XXII сессии городского маслихата от 26 октября 2005 года № 234 "Об утверждении Правил благоустройства, содержания территорий и объектов производственной, социальной инфраструктуры города Сатпаев и прилегающих населенных пунктов" Күшін жойған
Басқа 0
«Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфоқұрылым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 26 қазандағы XXII сессиясының № 234 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфоқұрылым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 26 қазандағы XXII сессиясының № 234 шешіміне (Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 8-6-11 нөмірімен тіркелген және «Шарайна» газетінің 2005 жылғы 9 қарашадағы 129 (1233) нөмірінде ресми жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тарау мынадай мазмұндағы 22.1, 22.2, 22.3, 22.4, 22.5, 22.6, 22.7, 22.8, 22.9, 22.10 және 22.11-тармақпен толықтырылсын:
«22.1. Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер.
22.2. Түрғын ұй – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленшен техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер).
22.3. Тұрғын үй (тұрғын жай) – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және жалпы мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс.
22.4. Үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын жағдайдағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі бөлінбеген беті, егер заңдарда немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады.
22.5. Тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдің алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай.
22.6 Тұрғын емес үй-жай – тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болвп табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар).
22.7. Ортақ мүлік – тұрғын үйдің бөлек меншіктегі үй-жайлардан басқа барлық бөліктері. Ортақ мүлік құқығы заңдарда көзделген жер телімдеріне құқықты да қамтиды.
22.8. Шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік – ортақ мүліктің жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жекелеген бөліктері.
22.9 Жер учаскесі – тұрғын үйге заңдарда белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы.
22.10. Кондоминиум – үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі (бұдан әрі кондоминиум объектісі) жыржымайтын мүлікке меншіктің ереше нысаны.
22.11. Бөлек (өзіндік) меншік – қозғалмайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны – кондоминиум құрылған тұрғын жай (тұрғын үй) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі.»;
2) мынадай мазмұндағы 13-1 тараумен толықтырылсын:
«13-1. Тұрғын үй қорын ұстау
76-1. Тұрғын үйді пайдалану оның бұзылуына немесе бүлінуіне әкеліп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтірмеуге тиіс.
76.2. Тұрғын үйдегі тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесінің келісімімен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуіне жауап беретін зады немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. жобаның міндетті талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнаулы уәкілетті орган растайды.
76-3. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнінде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестігі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен меншік иесі мен жұмысты орындаушы жауап береді.
76.4. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғаған жағдайда, олардың алдын ала жазбаша келісімі, сонымен қатар басқарушы мекемелердің – тұрғын үй-коммуналдық цехтарының, пәтер иелері кооперативтерінің келісімі қажет.
76.5. Меншік иесімен ортақ мүліктің оның бұзылуына немесе бүлінуіне әкеліп соғуына алып келетін үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жұмыстарын жұргізуге жол берілмейді. Тұрғын үйдегі жалпы пайдаланыстағы конструкцияларға телевизиялық немесе спутниктік жабдықтарды орнату үй-жай иесінің келісімімен жүзеге асырылады және шатыр жабындылары мен үйдің конструкцияларына залал келтірмеуі тиіс.
76-6. Меншік иесі ортақ мүліктің кез-келген бөлігіне немесе басқа үй-жайға залал келтірсе, ол залал меншік иесінің есебінен жойылады, не оны жою жөніндегі шығындар меншік меншік иесінің есебінен өтеледі.
76-7. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тікелей залал келтірушілер болса, олар осындай міндетті меншік иесімен бірлесіп көтереді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Сәтбаев қаласының тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
2006 жылғы 14 желтоқсан
Г.Бәкіров