О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 5-тармақта 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын; 5-тармақ келесі мазмұндағы 3-1), 4-1) тармақшаларымен толықтырылсын: «3-1) 6 шілде – Астана күні»; «4-1) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.