О внесении изменений и дополнения в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 1115/33 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) № 1115/33 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу және тізімін айқындау қағидаларында: 7 тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар «туберкулез» ауруы болса;»; 7 тармақ келесі мазмұнда 17) тармақшасымен толықтырылсын: «17) операциядан кейінгі емдеу кезеңінде әлеуметтік маңызды аурудың «қатерлі ісіктер» болуы.»; 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер; 2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы; 3) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар «туберкулез» ауруы болса; 4) операциядан кейінгі емдеу кезеңінде әлеуметтік маңызды аурудың «қатерлі ісіктер» болуы; 5) ең төмен күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.»; 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әлеуметтік көмектің өлшем шегі - 378 айлық есептік көрсеткіште наспайды.». 15 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.